13 Қазан, 2016

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығы  №330 

377 рет
көрсетілді
37 мин
оқу үшін
  2015 жылғы 10 сәуір, Астана қаласы «Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күресте Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы №690 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабына сәйкес бұйырамын: 1.«Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күресте Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы №690 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7558 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың 2012 жылғы 24 шілдедегі №8 актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күресте Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау департаменті (С.Т.Құсетов) белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Ғ. Демеуовке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау департаментіне (С.Т.Құсетов) жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр полиция генерал-лейтенанты Қ.ҚАСЫМОВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі _________________А.СӘРІНЖІПОВ 2015 жылғы 7 маусым «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі _________________Т.ДҮЙСЕНОВА 2015 жылғы 11 маусым «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі __________________ Б.СҰЛТАНОВ 2015 жылғы 9 маусым «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы ____________________Н.ӘБІҚАЕВ 2015 жылғы 15 маусым Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 330 бұйрығымен бекітілген Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күресте Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық 1. Жалпы ережелер 1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының (бұдан әрі – ІІО) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жасау бойынша қызметін регламенттейді, ІІО қызметкерлерінің осы саладағы іс-қимылдарын нақтылайды. 2. ІІО қызметкерлерінің есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсор­ларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жасау бойынша жұмысын ұйымдастыру кезіндегі азаматтардың құқықтары мен бостандығын бұлжытпай сақтай отырып, заңдылық, ІІО бірыңғай жүйесіне, жариялылыққа, құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдармен, лауазымды адамдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимыл жасасу қағидаттарына сәйкес құрылады. 3. ІІО-ға мынадай міндеттер жүктеледі: 1) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымына ықпал ететін себептер мен шарттарды анықтау және жою; 2) есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын медициналық емес мақсатта тұтынатын адамдарды анықтау және есепке алу, оларға Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес шаралар қабылдау; 3) есірткі құралдарын, психотроптық заттардың, олардың налогтары мен прекурсорларын медициналық емес мақсатта тұтынуға жол беретін, сондай-ақ соған байланысты қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдармен профилактикалық жұмыс жүргізу; 4) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорлардың заңсыз айналымы саласында қылмыстық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, қылмыстық істерді тергеу. Есірткінің заңсыз айналымынан түскен кірістерді заңдастыру фактілерін анықтау және жолын кесу. 4. Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес қызметін ұйымдастыруда Қазақстан Республикасының заңнамаларын, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа ала отырып, ІІО-ның барлық құрылымдық бөліністері өз құзыреттерінің шегінде қатыса алады. 2. Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жасау бойынша ішкі істер органдары қызметтері мен бөліністерінің функциялары 5. Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөліністері қызметкерлерінің есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жасау бойынша қызметін ұйымдастыру мақсатында: 1) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымы саласында жедел жағдайды зерделейді және талдайды, олардың даму үрдісін болжауды, оның таралуына қарсы іс-қимылды жүзеге асыруды және кешенді жоспарлауды өткізуді және белгіленген іс-шаралардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді; 2) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорлардың заңсыз айналымын анық­тау және жолын кесу саласында ІІО қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстарды әзірлейді және енгізеді; 3) Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз келуіне ықпал ететін себептер мен шарттарды, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының өндірілуіне, сату және таралуына, сондай-ақ азаматтарды медициналық емес тұтынуға тартатын адамдарды анықтайды және талдайды. Белгіленген тәртіпте көрсетілген себептер мен шарттарды жою бойынша мүдделі мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізеді; 4) жедел-іздестіру қызметінде пайдалану үшін азаматтармен жария немесе жария емес қарым-қатынас орнатады; 5) анықтау, алдын алу және жолын кесу мақсатында мынадай жедел-іздестіру қызметін іске асырады: есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды, оның ішінде қызметтік жағдайы, кәсіби қызметі немесе күзетуге байланысты сеніп тапсырылған адамдардың ұрлауын; есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтары мен прекурсорлармен, көрсетілген заттар мен құралдарды жеткізу немесе тасымалдау арналарымен байланысты қылмыстық құқық бұзушылық жасаған ұйымдасқан қылмыстық топтар мен ұйымдардың әрекеттерін, не болмаса транзитімен байланысты әрекеттерді; есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды сатып алу құқығына рецепттерді заңсыз беруді; есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын заңсыз дайындауды, өңдеуді, сатып алуды, сақтауды, оның ішінде сату мақсатында тасымалдауды немесе жөнелтуді; есірткі құралдарын немесе құрамында осындай құралдар немесе заттар бар өңдеуге не болмаса оларды өсіруге тыйым салынған дақылдарды сату немесе дайындау мақсатында егістік салуды немесе өсіруді; есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларың тұтынуға бейім адамдарды; есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды тұтыну үшін притондар ұйымдастыруды немесе ұстауды; есірткінің заңсыз айналымынан түскен кірістерді заңдастыруды анықтау, ескерту және жолын кесу мақсатында жүзеге асырады; 6) құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрілік препараттарды өндірумен, сақтаумен және сатумен айналысатын денсаулық сақтау субъектілерінде тексеру жүргізеді; 7) заңсыз есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын оларды дайындауға арналған шикізаттарды өндіру және пайдалану объектілерін анықтайды; 8) есірткі құралдарының немесе психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бойынша ІІО-ның өзге де бөліністерімен өзара іс-қимыл жасасады; 9) ІІМ-нің білім беру ұйымдарымен бірлесіп, жедел-іздестіру қызметіндегі оң тәжірибелерді зерделейді және практикада қолданады, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтары және прекурсорлардың заңсыз айналымы саласында ғылыми әзірлемелер және жаңа техникалық құралдар енгізеді; 10) ІІМ-нің білім беру ұйымдарымен қызметкерлерді даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау мәселелері бойынша іс-қимыл жасасады, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес саласында оқу бағдарламаларын әзірлеуге қатысады; 11) есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын тұтынудың зияндығы туралы түсіндіру жұмыстарын Қазақстан Республикасының халқы арасында өткізу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен (бұдан әрі -БАҚ) өзара іс-қимыл жасасады; 12) ІІО бөліністерінің қызметкерлерімен бірлесіп, есірткі құралдарының немесе психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымына түсу көздерін мен арналарын жабуға бағытталған арнайы бағдарламалар мен кешенді жедел-профилактикалық операциялар әзірлейді және жүзеге асырады; 13) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы саласында заңды тұлғаларға мемлекеттік лицензиялар мен оларға қосымшаларын беруді жүзеге асырады; 14) есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды және прекурсорларды әкелуге, шығаруға және транзитке заңды тұлғаларға рұқсат беруді, сондай-ақ есірткі құралдарын немесе психотроптық заттар мен прекурсорларды экспортқа және импортқа лицензия беруді жүзеге асырады; 15) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымына қатысты фактілер мен адамдар туралы автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді және деректер банкін белгіленген тәртіпте толтырады және пайдаланады; 16) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының контрабандасының жолын кесу бойынша шаралар қабылдау мақсатында, Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі мемлекеттік кіріс, ұлттық қауіпсіздік органдарымен, оның ішінде шекара қызметі бөліністерімен іс-қимыл жасауды ұйымдастырады, белгіленген тәртіпте көрсетілген органдардың әрбір құзыретіне жататын құқыққа қарсы қызмет фактілері туралы ақпаратпен өзара алмасуды жүзеге асырады; 17) есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселелері бойынша органдармен, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерімен өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастырады, есірткі құралдары, психотроптық заттар, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымына қатыстылығы туралы ақпарат бар бас бостандығынан айыру орнынан босаған адамдарға бақылауды жүзеге асырады; 18) халықаралық және мемлекетаралық шарттарға (келісімдерге) сәйкес, тікелей немесе құзырлы органдар арқылы есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жасау мәселелері бойынша шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасасады. 19) есірткі құралдары, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын медициналық емес тұтынатын адамдарға ведомстволық есеп жүргізеді, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылыққа мониторингті жүзеге асырады. Ведомстволық есеп есірткінің заңсыз айналымы саласында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған (әкімшілік құқық бұзушылық) адамдар бойынша, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларды тұтыну адамдар бойынша қалыптасады; 20) Қазақстан Республикасы ҚК-нің 303-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырады. 21) нашақорлықтың алдын алуда құқықтық тәрбиені және құқықтық насихаттауды жүзеге асыруда құзырлы органдармен, мекемелермен, қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасады. 6. Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жасауға байланысты ішкі істер органдары қызметі барысында кинологиялық қызмет бөліністерінің қызметкерлері: 1) есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларды табу үшін иттерді ірік­теуді және үйретуді жүзеге асырады, кинологтар дайындауды және қайта даярлауды ұйымдастырады және өткізеді; 2) есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтары мен прекурсорлармен байланысты қылмыс­тық құқық бұзушылықтарды ашу және жолын кесу жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуге қатысу үшін есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша бөліністердің бастамашылығымен үйретілген қызметтік-іздестіру иттерді пайдаланады: 3) заңсыз есірткі құралдарының, психотроптық заттар, олардың аналогтары және прекурсорлардың заңсыз айна­лы­мына түсу арналары мен көздерін жабуға бағытталған кешенді жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізуге қатысады; 4) жедел бөліністердің есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын іздеуге үйретілген қызметтік-іздестіру иттерін тиімді пайдалануы бойынша өзге де қажетті шаралар қабылдайды. 7. Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес барысында криминалдық полиция бөліністерінің қызметкерлері: 1) есірткі бизнесіне қарсы күрес бөліністеріне есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымы саласында құқыққа қарсы іс-қимылдар туралы ақпарат жолдайды; 2) есірткі бизнесіне қарсы күрес бөліністерімен есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын сатып алуға қаражат алу мақсатында қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдар туралы ақпаратпен өзара алмасуды жүргізеді; 3) ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшілерін және қатысушыларын оның ішінде өңіраралық және мемлекет­аралық байланыс орнатқан топтарды әшкерелеу мақсатында бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асырады; 4) өз құзыреті шегінде есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорлардың заңсыз айналымға түсу арналарын және көздерін жоюға бағытталған арнайы бағдарламаларды және кешенді жедел-профилактикалық операциялар өткізуге қатысады. 8. Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимылды ұйымдастыруды жүзеге асыру кезінде тергеу (анықтау) бөліністерінің қызметкерлері: 1) белгіленген тәртіпте жедел-іздестіру қызметінің нәтижелерімен танысады, олардың мүмкіндігін, олардың уақтылы іске асырылуын бағалайды, жиналған деректерге күдікті адамдардың іс-әрекетіне құқықтық баға берудің ықтимал перспективасына сүйене отырып анықтайды, іздестіру, тергеу, жария емес тергеу амалдары өндірісі туралы міндетті тапсырмаларды және нұсқауларды орындау және тергеу әрекеттері өндірісіне көмек көрсету үшін жолдайды және жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша оған қатысты күдіктілерді тексеру бойынша қажетті процессуалдық іс-қимылдар жүргізеді; 2) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымына байланысты қылмыстық істерді Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес (бұдан әрі –ҚР ҚПҚ), толық, жан-жақты және обьективті тергелуін қамтамасыз етеді, оның барысында: есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының түсу арналарын және көздерін, олармен тыйым салынған іс-әрекеттен алынған қаржының орнын, олардың заңсыз айналымына қатысты анықтау, кінәлілерді жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдайды; есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал еткен себептер мен шарттарды заңдылығының бұзылуын қылмыстық істердің өндірісі бойынша анықтау, немесе қылмыстың және басқа да заң бұзушылықтың жасалуына ықпал ететін жағдайларды жою бойынша меншік нысанына қарамастан, тиісті ұйымдар мен лауазымды адамға ұсыныстар енгізеді, кемшіліктерді жоюға уақтылы бақылау жасайды; 3) қылмыстардың жасалуына мүмкіндік туғызған жағдайларды жою бойынша жазылған ұсынымдарды кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелердің лауазымды адамдарының қараусыз қалдыру фактілері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы, осы ұсынымға уақтылы жауап беру туралы есептеледі, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы мәселені шешу үшін прокуратура органдарына материалдар жібереді; 4) кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымына байланысты қылмыстық істерді тергеу кезінде, оларды қоғамға қарсы іс-әрекетке тартқан адамдарды анықтайды, ондай адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға шаралар қабылдайды. 5) есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі бөліністерге есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды ескерту және ашу үшін маңызы бар қылмыстық істерді тергеу барысында алынған мәліметтерді уақтылы береді; 6) есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі бөліністердің қызметкерлерімен бірлесіп, бұқаралық ақпарат құрал­да­рына БАҚ-қа (жариялауға) беру үшін нақты қылмыстық істер бойынша ақпараттардың көлемі мен сипатын анықтайды; 7) қылмыстық істерді тергеу барысында есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларды сатып алу мақсатында жасалған қылмыстық құқық бұзушылық фактілерін анықтаған жағдайда, бұл туралы мәліметтерді тиісті статистикалық карточкалардың айқындашлық деректерге енгізеді. 9. Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айна­лы­мына қарсы іс-қимыл жасауға байланысты ішкі істер органдары қызметі барысында жедел-криминалистік бөліністер: 1) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша заттай айғақтарды табу, анықтау, ашу, белгілеу және буып-түюге көмек көрсету үшін жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын техникалық-криминалистік қамтамасыз етуді жүзеге асырады; 2) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша сараптама тағайындау үшін үлгілерді іріктеу және материалдар дайындауға практикалық және консультативтік көмек көрсетеді. 10. Есірткі құралдарының, психотроптық заттар, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі қызметті ұйымдастыруды жүзеге асыру кезінде әкімшілік полиция бөліністерінің қызметкерлері: 1) құрамында есірткі құралдары немесе психотроптық заттар бар өсімдіктер өсетін жер учаскелерін анықтау кезінде, есірткі бизнесіне қарсы күрес бөліністеріне тиісті ақпарат жолдайды; 2) нашақорлыққа қарсы күреске бағытталған кешенді жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізуге қатысады; 3) нашақорлықпен ауыратын адамдарды денсаулық сақтау субъектілеріне жіберу үшін материалдарды ресімдейді; 4) әкімшілік учаскедегі орын алған есірткі ахуалын талдайды және ІІО бөліністерінің жедел-профилактикалық қызметінің тиімділігі көтеру бойынша қалалық аудандық орган басшылығына ұсыныстар енгізеді; 5) әкімшілік учаскеде есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын медициналық емес тұтынуға жол берген адамдарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды тұтынатын притондарды анықтайды, тиісінше есірткі бизнесіне қарсы күрес бөліністеріне ақпараттар жолдайды; 6) білім беру ұйымдарына кәмелетке толмағандарды құқықтық тәрбиелеу оның ішінде нашақорлықтың алдын алу бойынша көмек көрсетеді; 7) жасөспірімдерді есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын немесе уытты заттарды тұтынуға тартатын ата-аналар тарапына немесе басқа да жасы үлкен адамдарға жасөспірімдерге теріс әсер етудің жолын кесу бойынша шаралар қабылдайды; 8) білім беру ұйымдарының оқушылары арасында нашақорлықтың және уытқұмарлықтың алдын алу бойынша есірткі бизнесіне қарсы күрес бөліністерімен іс-шаралар (конференциялар, дәрістер, дөңгелек үстелдер және т.б.) өткізеді және өзара іс-қимыл жасасады; 9) денсаулық сақтау субъектілеріне куәландыруға есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын және уытты заттарды медициналық емес тұтынуға жол беретін жасөспірімдерді жібереді; 10) әкімшілік учаскеде оның ішінде патрульдеу бағыттарында, оған жақын орналасқан аумақтағы бекеттерде есірткімен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша уақтылы шаралар қабылдайды, сондай-ақ белгіленген заңнамамен өз құзыреті шегінде әкімшілік өндірісті жүзеге асырады. 11) есірткі бизнесіне қарсы күрес бөліністерін есірткі құралдары, психотроптық заттар, олардың аналогтары мен прекурсорлары айналымында қозғалған әкімшілік өндірістер бойынша тәулік сайынғы ақпаратпен, сондай-ақ есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын және прекурсорларды тұтынды деген күдікпен денсаулық сақтау субъектілеріне куәландыруға жеткізілген адамдар туралы мәліметтермен қамтамасыз етеді; 12) есірткі құралдары, психотроптық заттар, олардың аналогтары және прекурсорларды тұтыну фактілері бойынша куәландыруға жіберілген, сондай-ақ диспансерлік есепте тұрған есірткі тұтынушы адамдар бойынша денсаулық сақтау субъектілерімен тоқсан сайын тексеріс жүргізуді жүзеге асырады; 13) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз тасымалдауын анықтауда және жолын кесуде көмек көрсетеді; 14) есірткіге мас күйде көлік құралдарын басқарған жүргізушілерді анықтайды, оларға заңнамамен көзделген шаралар қабылдайды, тиісті ақпаратты есірткі бизнесіне қарсы күрес бөліністеріне жібереді; 15) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қадағалау барысында есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларды заңсыз тасымалдау үшін көлік құралдарын пайдалану туралы ақпарат алынған кезде, мұндай көлік құралдарын қарап тексереді. Көрсетілген немесе ұқсас құралдар немесе заттар табылған жағдайда не жүргізуші мен жолаушыларда олар тұтынған белгілері болған кезде, оларды тексеру үшін аумақтық ІІО-ға жеткізеді. 11. Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымына бай­ланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша ішкі істер органдарының Жедел басқару орталықтары, кезекші бөлімдері: 1) қылмыстық құқық бұзушылықтардың жолын кесу және ашу, оны жасаған адамдарды ұстау бойынша шаралар қабылдау үшін қызметтік полиция жасағын қылмыс жасалған орынға жібереді және уақтылы келіп-жетуіне бақылау жасайды; 2) оқиға орнын қарау және қылмысты жедел және криминалистік құралдарды пайдалана отырып, қылмыстық құқық бұзушылықты ашу үшін тергеу-жедел топтардың баруын қамтамасыз етеді; 12. Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күресте көші-қон полициясы бөліністерінің қызметкерлері: 1) көші-қон заңнамасын сақтау бойынша шаралар өткізу процесінде медициналық емес есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын және прекурсорларды тұтынатын адамдарды, дайындаушыларды, сатушыларды және заңсыз есірткі тұқымдас өсімдіктерді өсіруші адамдарды анықтайды, олар туралы есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөліністерге хабарлайды; 2) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымымен айналысқан Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтер түскен кезде, аталған ақпаратты есірткі бизнесіне қарсы күрес бөліністеріне жібереді. 13. Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтарын және прекурсорлардың заңсыз айналы­мына қарсы күрес бойынша қызметті ұйымдастыру кезінде көліктегі ішкі істер органдары бөліністерінің қызметкерлері: 1) есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларды заңсыз темір жол немесе әуе көліктерімен тасымалдап жүрген адамдарды, жеке тінту, қол жүгі мен багажын қарау, сақтау камераларын тексеру арқылы анықтап, ұстайды; 2) есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларды заңсыз сақтау және тасымалдау үшін пайдаланылуы мүмкін стационарлық объектіге және жылжымалы құрамға, сондай-ақ олармен заңсыз операция жасауға бақылау жасауды іске асырады; 3) медициналық емес есірткі құралдарын, психотроптық заттар, олардың аналогтары мен прекурсорларды тұтынатын адам­дарды, көлік объектілерінде немесе қызмет көрсететін аумақта тұратын адамдарды, анықтау бойынша шаралар қабылдайды; 4) қызмет көрсететін аумағында есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымымен байланысты қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды ашу және анықтау бойынша жұмыстар жүргізеді, аумақтық ІІО-мен тығыз жұмыс жасасуды қамтамасыз етеді және бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асырады. 14. Ішкі істер органдарының өзіндік қауіпсіздік бөліністері есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналог­тары мен прекурсорларының заңсыз айналымында ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатысу фактілерінің жолын кесу бойынша жедел-іздестіру шараларын жүзеге асырады, сондай-ақ есірткі құралдарын және психотроптық заттар­ды, олардың аналогтары мен прекурсорларын тұтынатын полиция қызметкерлерін анықтау бойынша шаралар қабылдайды. 15. Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жасауға байланысты ішкі істер органдары қызметін ұйымдастыру барысында Ұлттық ұланның әскери полиция бөліністері қызметкерлері: 1) есірткі құралдарының, психотроптық заттар, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымы саласында Ұлттық ұлан қызметкерлерінің әскери қызметшілері жасаған қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарының алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; 2) есірткі құралдарын, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларын әскери қызметшілер арасында жеткізу және таратумен айналысатын адамдарды анықтайды, оларды әшкерелеу бойынша қажетті іс-шаралар өткізеді, оның ішінде ІІО-ның басқа да жедел қызметтерімен өзара іс-қимыл жасасады. 16. Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша қызметті ұйымдастыру барысында Ұлттық ұлан қызметкерлері: 1) патрульдік бағыттарда есірткі құралдарын, психотроптық заттары мен прекурсорлар өндірілетін және сақталатын объектілерге адамдардың санкциясыз ону әрекеттерінің жолын кеседі; 2) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналы­мының арналары мен түсу жабуға бағытталған кешенді жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізуге қатысады; 3) Қылмыстық атқару жүйесі (бұдан әрі -ҚАЖ) мекемелерінің жедел және режимдік бөліністерімен бірлесіп,мекемелерінде есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының енуін және таралуын анықтау бойынша алдын алу іс-шараларын жүзеге асырады. 4) есірткі бизнесіне қарсы күрес бөліністеріне патрульдік бағыттарда анықталған және есірткі құралдарын, психо­троптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын тұтынуды деген күдікпен денсаулық сақтау субъектілеріне куәландыруға жеткізілген адамдар туралы тәулік сайынғы мәліметтерді жолдауды қамтамасыз етеді; 17. Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жасауға байланысты ішкі істер органдары қызметін ұйымдастыру барысында ІІМ-нің білім ұйымдарының қызметкерлері: 1) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жасау, сондай-ақ ІІО қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша жедел-қызмет жұмыстарын жүргізу бойынша курсанттар оқытуды жүзеге асырады; 2) ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментімен (бұдан әрі - ЕБҚКД) бірлесіп, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша ІІМ-нің білім ұйымдарында оқыту бағдарламаларын әзірлейді; 3) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымының жолын кесу бойынша тәжірибелерді зерделеуге және жинақтауға көмек көрсетеді, оны оқу процесінде пайдаланады; 4)мүдделі мемлекеттік органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау үшін, есірткі құралдарының, психо­троптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымы проблемаларын кешенді ғылыми зерт­теуді жүзеге асырады және олардың нәтижелері негізінде ғылыми-негізделген ұсынымдар, әдістемелік шолулар әзірлейді. 5) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналы­мына қарсы іс-қимыл жасау мәселелері бойынша ІІМ-нің нормативтік құқықтық актілерінің дайындығына қатысады. 18. Мемлекеттік күзет қызметі бөліністері шекаралық бекеттерде есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтардың жолын кесуді қамтамасыз етеді. 19. Мемлекеттік тіл және ақпарат бөліністері: 1) есірткі бизнесіне қарсы күрес, тергеу (анықтау) бөліністері қызметкерлерімен бірлесіп, БАҚ беретін ақпараттың көлемі мен сипаты туралы шешім қабылдайды; 2) нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес проблемаларын БАҚ-та жариялауда есірткі бизнесіне қарсы күрес бөліністеріне көмек көрсетеді, халыққа есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын алу фактілері, олардың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік туралы хабарлайды; 3) есірткі бизнесіне қарсы күрес бөліністері қызметкерлерінің БАҚ-та халық арасында есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларды пайдаланудың зияндығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуге көмек көрсетеді. 20. Қазақстан Республикасындағы Интерполдың Ұлттық орталық бюросы: 1) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жасау желісі бойынша шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен сұрау салулармен алмасуды, сондай-ақ осындай сұрау салуларды орындауды қамтамасыз етеді; 2) шет елдердің есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымының жолын кесу бойынша оң тәжірибелері туралы ақпаратты, осындай құралдардың және заттардың заңсыз айналымы саласындағы әлемдегі ахуалының шолуы және Интерполдың арналары арқылы келіп түсетін озге де ақпаратты жинақтайды және есірткі бизнесіне қарсы күрес бөліністеріне жолдайды. 21. Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күресте жөніндегі қызметті ұйымдастыру барысында ҚАЖ мекемелерінің қызметкерлері: 1) ҚАЖ мекемелеріндегі ұсталған адамдар арасында есірткі құралдарын және психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларының медициналық емес мақсатта қолдануының жолын кесу бойынша жұмысты ұйымдас­тырады, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналы­мына байланысты қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды ашуда қалалық, аудандық органдарға көмек қөрсетеді; 2) есірткі құралдарың, психотроптық заттардың, олардың аналогтарының ҚАЖ мекемелеріне келіп түсу арналарын анықтау және жабу жөніндегі жедел-іздестіру және озгеде іс-шараларды әзірлейді және жүргізеді, бұл үшін ішкі объектілік қадағалауды, пошта хат-хабарларына цензураны, сотталушылардың өндірістік және тұрғын-жай аймағындағы мекенжайларын, мекемеге әкелінген көліктер мен жүктерді, сотталушылардың тұрғын үй-жайларын, мекемеге кездесуге келген сотталушылардың туыстары мен басқа адамдарды, сондай-ак сотталғандарды күзетуші Ұлттық ұланның әскери қызметкерлерін қарап, тексереді және оларды қадағалауды жүзеге асырады; 3) ҚАЖ мекемелеріндегі медицина қызметкерлерінің сотталғандарға үшін қолданылатын есірткі құралдары мен психотроптық заттарды сақтаудың, есепке алудың және жұмсаудың белгіленген тәртібін сақтауын бақылау жүргізеді; 4) есірткі бизнесіне қарсы күрес арнайы бөліністерімен тығыз байланыс жасай отырып, есірткі және психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашуды жүзеге асырады, аралас қауіпсіздік мекемелерінде тергеуде отырған адамдардың қылмысын және олардың бостандықта қалған адамдарымен қылмыстық байланысын анықтайды; 5) ҚАЖ мекемелерінен босатылуға жататын, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларды пайдалануға бейім сотталғандардың ықтимал криминалдық мінез-құлық туралы ақпарат жинауды жүзеге асырады оны қажетті жедел және алдын алу іс-шараларын жүргізу үшін қалалық, аудандық, желілік органдарға жолдайды. 3. Профилактикалық қызметті жүргізу ерекшеліктері 22. Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтың жалпы алдын алу көрсетілген құқық бұзушылықтың болу мүмкіндігіне жол бермеу немесе оның жасалуын қиындататын іс-шараларды іске асыру арқылы ерекше криминогендік жағдайларды анықтауды білдіреді. Мұндай мән-жайларды анықтау белгілі бір өңірде белгілі бір уақытта жасалған есірткі құралдарымен, психотроптық заттары, олардың аналогтары мен прекурсорлары байланысты құқық бұзушылықты криминологиялық талдау жолымен қол жеткізіледі. Оларды жою тікелей ІІО қызметкерлерінің құзыреті шегінде не ұйымдарға, мекемелерге нақты мақсатты бағытталған ұсыныстар енгізумен жүзеге асырылады. Ұсынылатын ұсыныстар есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес желісі бойынша жедел жағдайға сәйкес келуі тиіс. Ішкі істер органдары жүргізетін жалпы профилактикалық іс-шаралар: есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекрусорларының заңсыз айналымына қарсы күрес саласы бойынша жедел жағдайды, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары бойынша нашақорлықпен байланысты көріністерді жария түрде талқылауға іс-шаралар қабылдау; халық арасында нашақорлықтың қоғамдық қаупі, оның адам денсаулығына зияны, заңнамалық актілер және оларды бұзуға құқықтық салдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүзеге асыру; есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз таралу көздерін және арналарын анықтау, жабу, олармен байланысты басқа да қылмыс түрлерінің жолын кесу мақсаты болып табылатын (ауданішілік, ауданаралық, облыстық, мемлеке